Өтелмеген салық қарыздары үшін айыппұлдар алынбайды – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын 1 қазанға дейін өтемеген жағдайда 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлеміндегі айыппұл есептелетіні туралы хабарлама таратылуда.
ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады.
Жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы ағымдағы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі, - деді министрліктің баспасөз хатшысы Әлібек Абдилов.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде сотталғандарға биометриялық тіркеу жүргізіледі
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы