"Өте қызық болғалы тұр...": Трамп Кеннедидің өліміне қатысты құпия құжаттарды жария етеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Джон Кеннедидің өлімі бойынша 80 мың парақтан тұратын құпия құжаттарды 18 наурызда жария ететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпарат бүкіл шетелдік БАҚ-ты дүр сілкіндірді.

Ертең біз Кеннедидің бүкіл құжаттарын жариялап, ұсынамыз... Мен бір нәрсені редакциялау қажет деп ойламаймын... бұл өте қызық болғалы тұр... шамамен 80 мың парақ, - деді Трамп.

АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедиді 1963 жылы 22 қарашада Далласта (Техас штаты) жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да өлтіріп кеткен болатын.

Джон Кеннедиді әйелі Жаклин екеуі Элм-стриттен президенттік лимузинмен келе жатқанда атып кетіп, ол көз жұмды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы