Отбасында халықтың рухани және мәдени дәстүрлері сақталады – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Халықаралық Отбасы күнімен құттықтады.
"Отан – қуат, отбасы – шуақ" дейді халқымыз. Расымен, отбасы әр адамның өмірінде басты рөл атқарады. Тәлім мен тәрбиені, адамгершілік пен сүйіспеншілікті, қоршаған орта мен өзін-өзі құрметтеуді отбасынан үйренеміз. Жақындарға деген махаббат пен құрмет, мейірімділік, жауапкершілік, еңбекқорлық отбасында пайда болады. Отбасында халықтың рухани және мәдени дәстүрлері сақталады және ұрпақтан ұрпаққа беріледі, - деп жазды министр.
Берік және бақытты отбасы – бұл біздің қоғам мен мемлекетіміздің табысты дамуы мен өркендеуінің кепілі.
Демографиялық жағдайды жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер беру, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, ана мен баланың денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бүгінде президенттің тапсырмасы бойынша қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Еліміздің барлық өңірлерінде "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталықтары ашылады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қазірдің өзінде заң, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсетіледі, - деді Аида Балаева.Министр өз кезегінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде "Отбасы банкі" ашылатынын және "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатынын айта кетті.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде "Отбасы банкі" ашылады, "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы және тағы да басқа шаралар іске қосылады. Тек отбасылық-демографиялық саясатқа тиісті назар аударғанда ғана біз өзіміздің бірегейлігімізді сақтап, басты құндылықтарымызды дамыта аламыз. Осындай тамаша күні еліміздің әрбір шаңырағына шаттық, береке, амандық тілеймін!, - деді Балаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында тұрғын үй жылдағыдан 10 есеге көп салынады
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы