"Отбасына қарсы шығады". Психолог аниме көрудің кері тұстарын атады
Анимені қандай адамдар жиі көреді және не үшін? Психолог Айсұлу Мұраткенова аниме жиі қарайтын жасөпірімдер туралы бірнеше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Аниме неге танымал? Жас аралығында қандай да бір шектеу бар ма?
Аниме тек жасөспірімдер аудиториясында емес, ересектер арасында да өте танымал субмәдениет. Ересек адамда психика негізінен қалыптасқан, алайда, жасөспірімдерді алсақ олардың өтпелі кезеңде психикалары әлі толық қалыптаспаған, тұрақсыз болып келеді. Бұл жағдайда аниме қалыптаспаған психикаға оң немесе теріс әсер етуі мүмкін.
- Бұл жанр адамға несімен зиянын тигізуі мүмкін?
Аниме субмәдениетінде көптеген жанр бар. Бұл жанрдың әрқайсында өз ережелері болады және олардың ішінде құндылықтары қатты насихатталады. Анименің сериялдарын алсақ, отбасы құндылықтарына қарсы дүниелерді аз көрсетпейді. Мәселен, кейіпкерлер ата-аналарымен қақтығысады, ал ата-аналардың өздері көбіне балаларына зиян келтіретін жағымсыз кейіпкерлер ретінде көрсетіледі. Баланың ойы ата-анасы мен отбасына қарсы осылай қойылады. Осы "тұзаққа" түскен балалар өз ата-аналарын жау көре бастайды, кейін үйден қашатын әдеттер шығаруы мүмкін. Олар отбасы мен қоғамда қабылданған дәстүрлер мен нормаларға қарсы әрекет жасауға құмартып кетеді.
- Мұндай жанрға жас шектеу енгізу керек деп ойлайсыз ба?
Есі енді кіріп келе жатқан жастарға аниме көруге кеңес бермеймін. Себебі, онда шектеу жоқ. Аниме де бір жынысты неке идеясы белсенді түрде енгізіліп жатыр. Сюжет тек осы тақырыпқа негізделген жеке қосалқы жанрлар да бар. Бір жынысты қарым-қатынас тақырыбын насихаттай отырып, авторлар оларды мүмкіндігінше романтика жағынан ұсынады. Осылайша көрермен кейіпкерлерге жанашырлық танытып, идеяға жасырын түрде енеді. Жасөспірім көргендерін дұрыс талдай алмай, оны норма ретінде қабылдайды және соның негізінде өзінің құндылықтар жүйесін құрады.
Онымен қоса, аниме зорлық-зомбылықты да белсенді түрде насихаттайды. Мұндай мультфильмдерде көптеген қатыгез көріністер бар. Алдымен олар таң қалдырады, бірақ содан кейін оларды балалар қалыпты жағдай деп қабылдайды. Салдарынан бала біреудің қайғы-қасіретіне немқұрайлы қарайды, эмпатия, мейірімділік, жанашырлық деген сезімдер қалыптаспайды.
- Анимені енді көремдегендерге қандай кеңес бересіз?
Егер жасөспірім зиян аниме жанрының ортасына түсіп қалған болса, бұл туралы сөйлесіп, бұл мультфильмдердің неліктен зиянды екенін түсіндіріп, сынамай-ақ оларды көруден бас тартуға сендіре білуіміз керек. Жалпы, жасөспірімді оны көруге не итермелеп тұрғанын түсіну маңызды. Бәлкім, ол өзін түсінбейтін және қабылданбаған отбасы мен мектептен кеткісі келетін шығар. Яғни сол әлемше оқшауланғысы келіп тұрады. Мүмкін ол анимені "компания үшін" көре бастаған шығар, өйткені оның ортасында бәрі оған құмар. Қалай болғанда да, жағдайды өзгертуге және жастардың мүдделерін дұрыс бағытқа бағыттауға күш салынуға тиіспіз.
- Әңгімеңізге рахмет!
Қымбат СПАБЕК