Отбасылық құндылықтар туралы кітап жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Отбасы академиясы" отбасын кешенді қолдау орталығы, "ÓNEGE" жобасы аясында әдістемелік нұсқаулық болатын кітап шығарды.
Кітап әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті ақпаратты қамтиды, сондай-ақ отбасылық құндылықтар мен бақытты және салауатты неке және отбасындағы қарым-қатынастар туралы материалдарды қамтиды.Жоба аясында сарапшылар Қазақстанның 9 қаласында 90 отбасыға сауалнама жүргізді. Кітап төрт бөлімнен тұрады. Әдістемелік басшылықта басты отбасылық құндылықтар, дәстүрлі әдет-ғұрып, ата-аналар мен туыстар, өзара түсіністік пен сенім, бақытты отбасы кеңестері, отбасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тәжірибесі және жас жұбайлар кеңестері сияқты тақырыптар қымтылды, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай мүшәйра жарияланды
Өзгелердің жаңалығы