Отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзған 192 адам жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзған 192 адам жауапқа тартылды. Бұл "Есептегі элемент" атты жедел алдын алу іс-шарасының барысында анықталған жағдайлар, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – рецидивтік қылмыстың, отбасылық-тұрмыстың қарым-қатынас саласындағы, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау болып табылады
Бүгінгі таңда ПБ-ның алдын алу есебінде екі мыңнан астам адам тұрады. Жедел алдын алу іс-шарасы жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторлары ПБ-ның есебіне 240-қа жуық адамды анықтап, есепке алды.
Сондай-ақ, отбасылық қарым-қатынаста құқық бұзған 192 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, 46 құқық бұзушыға қатысты сот арқылы мінез-құлықтарына ерекше талап белгіленді. Есепке алынғандардың тарапынан қоғамдық орында құқық бұзушылық жасағаны және сот арқылы қойылған шектеулерді бұзығаны үшін 35 құқық бұзушылық анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Демалыс орындарында санитарлық талап сақталмаған – Ақмола облысы
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы