«Отбасы тарифі» арқылы алдайды: Жаңа интернет-алаяқтық схемасы анықталды
Қазақстандықтарға арзан мобильді байланыс ұсынатын жаңа интернет-алаяқтық схемасы туралы ескерту жасалды.
Алаяқтар «отбасы тарифіне» қосылуды ұсынып, жалған тиімді ұсыныстар арқылы адамдарды алдауға тырысады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Мұндай ұсыныстар көбіне әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болуда.
Мамандардың айтуынша, адам «тиімді тарифке» келісіп, жарнаманы орналастырғандармен байланысқа шыққан кезде, оған арнайы сілтеме жіберіледі. Сол сілтемелер арқылы зиянды бағдарламалар орнатылып, немесе азаматтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін.
Сілтемені ашқаннан кейін телефонның жұмысы бұзылып, іркілістер пайда болуы ықтимал.
Полиция келесі сақтық шараларын ұсынады:
- бейтаныс адамдар жіберген сілтемелерге өтпеу;
- күмәнді ұсыныстарға сенбеу;
- жеке және банк деректерін ешкімге бермеу;
- қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеу;
- телефонға антивирус орнату.
- 56 тонна қымыз, 70 мыңнан астам қонақ: «BaiQymyz-2026» фестивалінің жеңімпаздары анықталды 08:11
- Индонезияда жүк көлігі мен пикап соқтығысып, 11 адам қаза тапты 07:48
- ALTAI FEST: Полиция 50 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті 07:14
- Creative Aimaq: Қостанай облысының креаторлары 4,4 млн теңгеден астам өнім сатты 06:35
- U23 Азия чемпионаты: Қазақстанның 12 боксшысы финалға шықты 05:18
- Бангкокта пабтағы өрттен 27 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды 04:27
- Ақтөбе – Хромтау тасжолындағы жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды 03:40