Отбасы құрған жұп бес жылда балалы бола алмаса, тексерілуі тиіс – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 1238 әйел денсаулығына байланысты сәби сүйе алмай жүр. Қазір олардың бәрі дәрігер бақылауында, деп хабарлады Aktobenews.kz.
Қазақстан мен Ресей гинекологтары репродуктивті медицинаның дамуын талқылады. Қазіргі кезде Ақтөбеде 230 әйел жасанды ұрықтандыру үшін квота кезегінде тұр. Экстрокорпоральды ұрықтандыру жасау үшін әр әйелге 800 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығындағы қаржы қажет.
«Бедеуліктің бірнеше себебі бар. Жасанды түсік, жүктіліктен сақтандыратын дәрі мен 35 жастан асқанда тұрмысқа шығу да балалы болуға кері әсерін тигізеді. Сондықтан ер адам мен әйел дәрігерге қаралып, жоспарлап алуы тиіс», - деді Қазақстан репродуктивті медицина орталығының директоры Вячеслав Локшин.
Ақтөбедегі экстракорпоральды ұрықтандыру орталығы 2016 жылы ашылды. Қазіргі күнге дейін 57 ана сәбилі болды.«Отбасы құрған жұп бес жылда балалы бола алмаса дәрігерге тексерілуі тиіс. Ер адам да, әйел де дәрігерге бірге баруы қажет», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада инвесторлар есебінен қандай нысандар салынады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы