"Үлгілі отбасы" байқауының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар орталығында парасатты отбасы құндылықтарын насихаттауға, өнегелі ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған "Үлгілі отбасы" байқауы өтті.

Шараның ұйымдастырылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы, Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды.

Байқау адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, рухани жаңғыруға жол бастайды.

Іс-шараны ашқан Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Рысбай, Департамент басшысының орынбасары К.Қабылбеков, Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Ж.Қалтаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үлкеннен үлгі алып, артынан ерген өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген 8 отбасы байқауда бақ сынасып, өз өнерлерін көрсетті. Қатысқан жанұялардың әр қайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Бір отбасылар балаларының жетістіктеріне тоқталса, бірі немерелерінің өнерлігін мақтан етті. Отбасы мүшелері  сайыс барысында  тұсаукесер, бесікке салу сынды дәстүрлерімізді жаңғыртып, салт-дәстүр, отбасы құндылықтары, парасаттылық қағидаттары бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.

Байқау соңында бірінші орынды Қаратау аудандық Усмановтар әулиеті иеленсе, екінші орынды Әл-Фараби ауданынан Жүсіп әулиеті, үшінші орынды Қусманбетовтер әулиеті иеленді. Сонымен қатар, 5 отбасыға ынталандыру сыйлықтары мен грамоталар табысталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы