«Отбасы банкі» басшысы зейнетақы төлемдерін депозитке аударуға қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, депозиттерді толықтыру мүмкіндігінің жақында пайда болатынын хабарлады.
Оның айтуынша, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер қабылдау процесі жеделдейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа мүмкіндіктер ашатын бұйрықты мерзімінен бұрын жариялауды жоспарлап отыр.
Біз депозиттерді толықтыру батырмасын 2021 жылдың 16 желтоқсанында қосып, төрт демалыс күні арнайы шоттар ашып, депозиттер ашуға дайынбыз. Біз жерлестеріміз мерекелік дастархан басында ноутбукты ашып немесе үйдегі компьютерден жүктеп алып, өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін «Отбасы банкінің депозиттеріне аудара алуы үшін техникалық қолдауды қамтамасыз етуге дайынбыз, - деді Ләззат Ибрагимова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы