«Отбасы банк» қызметкерлерінің 89%-ы екпе алды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні «Отбасы Банк» АҚ қызметкерлерінің 89% (1195 адам) вакцинаның алғашқы компонентін алды, 80% вакцинацияның толық курсын аяқтады.

Отбасы банк өз клиенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың барлығын іске асыруда.

2020 жылдың 30 наурызынан бастап банк филиалдарында клиенттерге қызмет көрсету тек онлайн брондау арқылы қолжетімді. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Банк бөлімшелеріне кіру тек «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Біз коронавируспен күресу жолында ұжымдық иммунитет қалыптастырудың аса маңызды екенін түсінеміз, сондықтан да ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қызметкерлер арасында екпе алудың маңыздылығы туралы ақпараттық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Банктің ішкі порталында егу пункттері туралы ақпарат бар. Банктің бас кеңсесінде және банк филиалдарында вакцинация тақырыбы бойынша ақпараттық плакаттар ілінген.

Қызметкерлер егу пункттерінде кезекте тұрып уақыт жоғалтпауы үшін ҚР Президентінiң Іс Басқармасы Медициналық Орталығының «Орталық Клиникалық аурухана» АҚ-ның көмегімен Банктің Алматы қаласындағы бас кеңсесінде екі рет вакцинациялау жұмыстары ұйымдастырылды. Қызметкерлерді вакцинациялау көрсеткіші туралы мәліметтер ішкі корпоративтік порталда апта сайын жаңартылып тұрады. Бүгінгі күні екі аймақта (Түркістан мен Ақмола облыстарында) қызметкерлердің 100% коронавирусқа қарсы екпе салды.

Екпе салдырған адам вирустан өзін ғана емес, сонымен қатар отбасын, туыстары мен әріптестерін де қорғайды. Қалыпты өмірге қайта оралуға болады, оны тезірек қайтару өзіміздің қолымызда, - деді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.

 

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы