Отбасы банк емге арналған БЖЗҚ төлемдеріне қатысты түсініктеме берді

Отбасы банк емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріндегі болашақ өзгерістер туралы түсініктеме берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдың 23 шілдедегі жағдайы бойынша Отбасы банк арқылы емделуге 435,1 млрд теңге біржолғы зейнетақы төлемдері пайдаланылды. Бұл соманың шамамен 98%-ы стоматологиялық қызметтерге тиесілі - тіс протездеу және имплантация. Алайда халықтың емделуге жұмсаған біржолғы зейнетақы төлемдерін тексеру кезінде мақсатсыз пайдалану жағдайлары анықталды. Банк бірқатар күдікті схемалардың белгілерін анықтады, олар бойынша ішкі тексерулер жүргізілді. Істің қолда бар материалдарымен банк күдікті адамдарды анықтау және оларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінді.

Осылайша, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түрінде кейбір стоматологиялық клиникалар азаматтарға қолма-қол ақша алуға көмектескен. Бұл зейнетақы төлемдерін мақсатсыз пайдалану.

Мысалы, бірқатар стоматологиялық клиникалар күніне 70-тен астам клиентті қабылдаған. Есесіне бұл медициналық мекемелердің пациенттердің мұндай көлемін қабылдап, оларға тиісті қызмет көрсетуге жағдайлары болмаған.

Сараптау барысында клиникалардың қызмет көрсету заңдылығына күмән келтіретін фактілер анықталған, атап айтқанда:

- стоматологиялық клиникалардың орналасу мекені клиенттердің тұратын жеріне және медициналық тіркеуге сәйкес келмеді;

- осы клиникалардың аймақтағы бірде-бір клиенті қызмет алынғанын растайтын құжаттарда көрсетілген стоматологиялық қызметтерді расымен алғанын растамаған;

- бірқатар клиенттер өздерінің зейнетақы төлемдерін ешқандай стоматологиялық қызмет алмай, делдалдар арқылы және ақшалай сыйақы төлеп алғандарын түсіндірді. Олар қажетті медициналық құжаттарды одан әрі дайындау үшін делдалдарға өз еркімен ЭЦҚ берген;

- БЗТ қаражаты есебінен емделу үшін, міндетті құжаттардың тізбесіне кіретін, азаматтардың медициналық тіркелген жері бойынша дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларында қол қоюға құқығы жоқ сондай-ақ дәрігерлік комиссияның мүшелері болып табылмайтын, тіпті медициналық мекемеде жұмыс істемейтін адамдардың қолдары тұрған.

Құжаттардың міндетті пакетіне дәрігерлік комиссия қорытындысын салған кезде пациенттің кез келген параметрлерін - тегін, ЖСН, туған күнін, телефон нөмірін өңдеуге болатын pdf форматындағы үлгі пайдаланылған көптеген фактілер анықталды. Банк бір клиника берген барлық дәрігерлік қорытындыларда пациенттердің бірдей мекен-жайы көрсетілгенін анықтады.

21 жастағы қазақстандыққа "толық адентия", яғни тістердің толық болмауы диагнозы қойылғаны анықталды. Сонымен қатар, дәрігерлік комиссияның қорытындысында оған емдеудің келесі түрлері ұсынылды – тістерді тазарту, брекет орнату.

БЗТ пайдалану кезінде заңға қарсы іс-әрекеттердің және жаппай мақсатсыз пайдалану фактілерінің болуын ескере отырып, Отбасы банк мұндай фактілердің жолын қию үшін қажетті шараларды қолға алу туралы ұсыныс білдірді.

- Бұл БЖЗҚ салымшыларының жеке қаражаты, оны азаматтар өздері қалауынша пайдалануға құқылы деген жансақ пікір бар. Бірақ Отбасы банк БЗТ пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор ретінде, заңға сәйкес, осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті. Біз 2021-2024 жылдар аралығында БЖЗҚ қаражатына көрсетілетін қызметтер көлемі бойынша топ-25 стоматологиялық клиниканың мемлекетке салық түрінде шамамен 63 млн теңге төлегенін анықтадық. Бұл ретте БЖЗҚ қаражаты есебінен ұқсас кезеңде көрсетілген қызметтер көлемі шамамен 91 млрд теңгені құрады, яғни салық жүктемесі небәрі 0,07% болған. Біздің ойымызша, бұл стоматологиялық клиникалар тарапынан көрсетілетін қызметтердің шынайылығына күмәнданудың себебі, әсіресе протездеу және имплантациялау сияқты күрделі процедуралар туралы сөз болғанда, - деп түсіндірді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылдың 10 тамызынан 2025 жылдың 1 ақпанына дейін протездеу және тіс имплантациясы бойынша стоматологиялық қызметке бөлінген қаражатты пайдалануды уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр. Осы уақыт ішінде банк біржолғы зейнетақы төлемдерінің уәкілетті операторы ретінде БЗТ қаражатын мақсатсыз пайдаланудың алдын алу және стоматологиялық қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Отбасы банк салымшыларына БЗТ бар депозиттерді табыстауға рұқсат етілген болатын. Яғни енді ерлі-зайыптыларға және олардың жақын туыстарына БЗТ бар депозиттерді аударуға болады. Зейнетақы төлемдерін өз салымдарына аударған банктің 240 мыңға жуық клиенті осы жақсы жаңалықты қуана қабылдады. Сонымен қатар, енді бұл салымшылардың барлығы 6 жыл бойы өздерінің БЗТ аударылған депозиттерін сақтап, асықпай қаражат жинақтай алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы