"Отау" бағдарламасы: Баспаналы болған 8 мың адамның есімі жарияланады

Бүгін “Отау” ипотекалық бағдарламасы арқылы баспаналы болатын қазақстандықтардың есімі жарияланады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Отбасы банктің басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін сіздерге жағымды жаңалықпен келдік. Дәл қазір 8 мың қазақстандық “Отау” бағдарламасы арқылы өткені жайлы SMS-хабарлама алады. Біз мұны алдын ала 5 күн бұрын әзірлеп отырмыз. Бастысы – ашықтық. Сайтта барлық 25 мың өтініш берушінің аты-жөні жарияланады. Барлығы өзінің ұпайларын көреді. 8 мың жеңімпаздың есімін де барлығы біле алады, - деп айтты банк басшысы брифингте.

Оның сөзінше, Үкіметтің қатысушының барлығы өз ұпайларын біліп, кімнің өткенін, кім өтініш бергенін ашық көре алуы жөнінде тапсырмасы бойынша жасалып отыр. Ибрагимова “Наурыз” бағдарламасында да осындай тәсіл қолданылатынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы