Отандық тұқым шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту стратегиясы шеңберінде үш негізгі бағыт айқындалды, олардың ішінде отандық тұқым шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ-ға сілтеме жасап.

2015 жылдан бастап Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен оның еншілес ұйымдары 686 ғылыми жоба әзірледі, оның 465-і өсімдік шаруашылығы саласында.

Соңғы сегіз жылда ғалымдар дақылдардың 326 сорттары мен будандарын өсірді, олардың 37% - ы дәнді дақылдар. Барлық сорттар мемлекеттік сынақтан өтіп, мемлекеттік тізімге енгізілді.

Отандық селекцияның тұқымдары фермерлер арасында үлкен сұранысқа ие. Мысалы, Қарағанды облысында егіс алқаптарының 99%-да отандық тұқым егілді.

Биылғы жылы жоғары нәтиже көрсеткен "Таймас", "Дамсинская 2017" астық нарығындағы танымал сорттардың қатарына енді, сондай-ақ "Алтай 1" күздік бидай және "Өскемен" күздік қара бидайлары жақсы көрсеткішке ие болды.

Қазақстандағы егіс алқаптарының 80 пайызын отандық тұқыммен қамту мақсатында ҰАҒББО 14 мың тонна суперэлиталық тұқым өндірді. Алдағы екі жылда бұл көлемді 40 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өзгелердің жаңалығы