Отандық таеквондошылар ел қоржынына 2 қола салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілде күні Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. 

Құрлықтық додаға 28 мемлекеттен келген 385 спортшы қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар. 

"Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. 52 келідегі Балнұр Спабек пен 68 келідегі Нұрриза Тұрарова жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді", - делінген ҰОК баспасөз хабарламасында. 

Сондай-ақ, төрт спортшымыз алғашқы бестікке енді. 

Бүгін тағы 10 таеквондошы жарысты бастайды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы