Отандық спортшылар снаряд лақтырудан Азия чемпионатында бақ сынайды

15 маусым күні Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында снаряд лақтырудан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған сын Олимпиадаға іріктеу болғандықтан, рейтингілік ұпайлар беріледі.

Спортшылар ядро лақтыру, диск, балға және найза лақтырудан бақ сынайды.

Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. Олар: Иван Иванов (ядро лақтыру), Артур Гафнер (найза лақтыру), Евгений Миловацкий (диск лақтыру), Анастасия Калошина (балға лақтыру).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы