Отандық спортшы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының күмісін еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының шымылдығы түрілді. Алғашқы жарыс күнінде ел Элина Михина ел қоржынына күміс медаль салды, деп жазады Olympic.kz.
Біздің спортшы 400 метрге жарысудан жүлдеге ілікті. Ол аталған қашықтықты 53.18 секундта жүгіріп өткен.Бірінші орында бахрейндік Сальва Насер (51.34), үшіншы сатыда үндістандық Пувама Раджу Мачеттир (53.21).
Айта кетейік, Михаил Литвин ерлер арасындағы финалдық бәсекеге жолдама алды. Жартылай финалда ол 400 метрді 45.38 секундта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордын орнатты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысындағы жол апаты: 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы