Отандық өнім: Елордалық базардан не сатып алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Үкімет 2023 жылдың соңына дейін барлық негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті шектеуді жоспарлап отыр.

Өндірісті кластерлік дамытуды, шағын өндірушілер мен өңдеушілерді ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіруді ынталандыру арқылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту керек. Бұл жобаларды іске асыру, ең алдымен, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы, 2023 жылдың соңына дейін барлық негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті шектеу қажет, - деген еді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы барлық өңірде АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асырудың оң динамикасын атап өткен болатын. Биыл АӨК-тің жалпы сомасы 239 млрд теңгеге 266 инвестициялық жобасы, оның ішінде 36 сүт-тауар фермасы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 27 жоба, 6 ет комбинаты, 13 құс фабрикасы пайдалануға берілді. Аталған жобаларды іске асыру есебінен импортқа тәуелділік бір жылда 15%-ға қысқарды.

Оның мәліметінше, ішкі нарықты отандық өндірістің сүт өнімдерімен қамтамасыз ету 51,4%-дан 70%-ға дейін, шұжық өнімдерімен қамту 60,5%-дан 70%-ға дейін, құс етімен қамту 58%-дан 75%-ға дейін, алмамен толықтыру 73%-дан 80%-ға дейін ұлғайды. Қант өндірісі 31,1%-дан 60%-ға дейін өсті, ал балық өсіру көлемі жылына 4 мың тоннаға немесе 30%-ға артқан.

Астанадағы Шапағат коммуналдық базары тіпті жұмыс күндері де келушілерге толы. Тұрғындар мереке алдында алдын ала азық-түлік сатып алып қою қамын ойлайды.

Мұндағы отандық өнімдің  ең көп үлесі ет павильоны деп айтуға болады. Сиыр етінің бағасы 1850 теңгеден басталады, жылқы еті – 2300 теңгеден басталады, қазы 3500 теңгеден басталады. Жұмыртқаның да барлығы өзіміздікі. Оны Аршалы, Ақкөл, Малиновка, Ижевкадан әкеледі.

Қазақстандық тауық етінің бағасы келісі үшін 1100 теңгеден басталады, мұнда отандық қаздың келісі  үшін 2400 теңге сұрап тұр, үйрек – 2200 теңгеден және күркетауық – 2000 теңгеден басталады.

Қазақстандық шұжықтар арзандады. Біздің шұжықтардың көбінде шошқа еті жоқ. ОҚО, БҚО, Қарағанды облысының  және жергілікті шұжықтарды көп алады. Ресейлік және белорус елінің шұжықтары 150-200 теңгеге қымбат. Олардың сапасы жақсы. Өзіміздің де, шеттен келген шұжықтарды да алады, 50\50 деп айтар едім, - дейді сатушы Жайна.

Жартылай ысталған шұжықтың құны 600 теңгеден басталады.

Тәтті сусындар, шырындар, шайлар – қазақстандық та, ресейлік те бар. Мысалы, Самарадан шыққан төрт литрлік күнбағыс майы ШҚО-дан шығатын біздің майға қарағанда  теңгеге арзан, - деді Арсен атты  сатушы.

Сүт бөлімінде өнімнің басым бөлігі – Ақмола облысы мен солтүстік өңірден әкелінген. Ірімшіктің басым бөлігі негізінен қазақстандық, украиндық және белорустық маркалар ұсынылған. Ең алдымен, олар арзанырақ. Мысалы, Шымкенттен шығатын ірімшіктің келісі  2500 теңге, Тараздан шығатын өнім – 3000 теңге, ал Белорусь елінен әкелінген ірімшіктің бағасы 3300 теңгеден басталса, Украина елінен әкелінген өнім 3500 теңгеден басталады.

Украинадан әкелінген ірімшіктің келісі 2200 теңгеден «ірімшік өнімі» бар, онда ірімшіктің үлесі  тек 50%. Қазақстандық аналогы бар, бірақ оның дәмі онша емес, – деп атап өтті сатушы Гүләйім.

Алмагүл базарда көп жыл бойы жарма сатады. Оның айтуынша, олардың барлығы отандық өнім. Ұн да өзіміздікі (25 кг үшін 4950 теңгеден басталады).

Барлығы дерлік оңтүстік облыстардан, күріш – Қызылордадан, жүгері жармасы, жарма, бұршақ – Павлодардан келеді. Өзге елден әкелінген жалғыз жалғыз нәрсе ол томат, Ресейден әкелінген. Сосын дәмдеуіштерден - қара бұрыш та Ресейдікі. Бағасы да қымбат 25 грамы  біздің 100 грамдық қара бұрыштың бағасымен бірдей. Ең арзаны консервіленген бұршақ (250 теңге) және жүгері (280 теңге) Алматы қаласында өндірілген, - деді ол.

«Шапагаттағы» жабық азық-түлік павильонының үштен бір бөлігінде көкөністер, жемістер мен көкшөптер сатады. 

Мұнда Ташкенттен әкелінген қырыққабаттың құны (кг үшін 260 теңге), Анар (800 теңге), Түркия мен Пәкістандық мандариндер (900 теңгеден бастап) кездеседі. Сонымен қатар Павлодардан әкелінген картоптың құны 175 теңге, 300 теңгеден қызылша, 100 теңгеден пияз, 150 теңгеден сәбіз сатылады. Ташкенттен әкелінген алма Алматыдан әкелінген алмаға қарағанда 50 теңгеге арзан. Алматылық алманың үш түрі бар екен (450 теңгеден). Ташкент қиярлары (850 теңге) Сарыағаш қиярына (1200 теңге) қарағанда арзанырақ.

Жергілікті балықтар арасында шортан (1000 теңге килограмм), мөңке (550 теңге), сазан (1300 теңге), оңғақ (1000 теңге). Сонымен қатар құнысбалық (горбуша) – 2000 теңгеден бастап, скумбрия – 2400 теңгеден және ақсерке  – 5000 теңгеден басталады.

Отандық өнімді импорттық өнімнен айырудың ең оңай жолы – балық бөлімінде, мұнда жергілікті балықтардың ішінде шортан (килограмы 1000 теңге), мөңке (550 теңге), тұқы (1300 теңге), сазан (1000 теңге) бар. ал олардың жанында шетелде: қызғылт лосось – 2000 теңгеден, скумбрия – 2400 теңгеден және алабұғы– 5000 теңгеден.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы