Отандық минералды тыңайтқыш өндірушілері биылғы алғашқы жартыжылдықтың есебін жариялады
Қазақстанда минералды тыңайтқыштардың негізгі өндірушілері «Қазфосфат» және «ҚазАзот» компаниялары саналады. Оларға тыңайтқыштар өндірісінің жалпы көлемінің 96%-дан астамы тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалған кәсіпорындар – «АМТ» АҚ, Talas investments Company ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» және «Қайнар» компаниясы тыңайтқыштарды ілеспе өнім ретінде өндіріп келеді.
Жарияланған есепке сүйенсек, биылғы 6 айда кәсіпорындар 337 мың тонна аммофос өндірген. Бұл 2022 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 56,1%-ға көп. Жағымды динамика «Қазфосфаттың» аумағында аммофос өндірісінің екінші желісінің іске қосылуымен байланысты болып отыр.
Аммиак селитрасының өндірісі былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамалы өсіп, 0,5%-ға (191 мың тонна) артқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Солтүстікке қоныс аудару бойынша кеңес беріліп жатыр
Келесі жаңалық
DHL ұшағы Вильнюс әуежайы маңындағы тұрғын үйге құлады
Өзгелердің жаңалығы