Отандық конькиші Әлем кубогында алтын жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Әлем кубогының кезеңі Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтті.

Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты — 34,52 секунд.

Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді — 34,70 секунд.

Қола медальді польшалық Марек Каниа жеңіп алды — 34,76 секунд.

Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Әлем кубогы кезеңінде алтынды 2011 жылы командалық спринтте жеңіп алған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰОК
Өзгелердің жаңалығы