Отандық ға­лым­­дар жаңа бағдарламамен Кореяға барады

Отандық ға­лым­­дар­ «500 ға­лым» бағдар­ла­ма­­с­ы­мен Оң­түс­­­тік Корея­­да тағы­лым­да­ма­дан өте алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоға­ры білім министрлігі хабарлады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Сеул Ұлт­тық ғылым және технологиялар университетінің (Seoultech) президенті Дон Хван Ким «500 ғалым» бағдарламасы аясында ынты­мақ­тастықты кеңейтуге келісті.

Жақында болған екі елдің өкіл­де­рінің кездесуінде тараптар еліміздегі жоғары білім және ғылым саласында болып жатқан оң өзгерістерді талқылады.

Атап айтқанда, министр Саясат Нұрбек Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орын­дары филиалдарының сәтті ашылып жатқаны, Қазақ­станды Орталық Азиядағы акаде­миялық хаб ретінде дамыту бойын­ша жүргізіліп жатқан саясат туралы хабардар етті.

Өз кезегінде университет президенті Дон Хван Ким Seoultech-ті әлемнің үздік уни­верситеттерінің тізіміне енгі­зуді жос­парлап отырғанын жеткізді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда Seoultech филиалын ашудың артық­шылықтарына назар аудар­ды.

Мәселен, еліміздің стра­тегиялық жағдайы, елдер ара­сындағы түрлі салада­ғы бір­қатар ұзақмерзімді әріптес­тік, корей жоғары оқу орын­дары­ның басқа да филиалдарын ашу тәжірибесі, пайдалы қазбалар мен биотехнология, ғарыш саласында бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі, олар бойынша еліміздің жинақталған базасы және табиғи минералдар мен жер қой­науының үлкен қоры бар.

Министрдің пікірінше, мұның бәрі өзекті бірлескен зерттеулер жүргізуге ғана емес, сонымен қатар әлемдік ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосуға көмектеседі.

Сондай-ақ тараптар «Бола­шақ»­ халықаралық сти­пендиясы мен «500 ғалым» ғы­лыми та­ғы­лым­дамадан өту бағ­дар­­ламасы ая­сындағы ынты­мақ­тас­­тықты ке­ңей­ту мәселелерін тал­­­қылады. Та­рап­тар бірлескен жұ­­­мысты қос дипломдық бағдар­ла­­мадан бастауға келісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы