Отандық фармацевтика саласында өндіріс көлемі өсті – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Жалпы, фармацевтика саласында өндіріс көлемінің өскенін атап өткен жөн. 2021 жылы фармацевтика өнеркәсібі оң серпіна көрсетті, бұл ретте фармацевтикалық өнімнің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 124%-ды құрайды. Биыл қаңтар-сәуір айларында фармацевтикалық өнім көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, қазақстандық фармацевтика өнеркәсібі мемлекеттік қолдаудың арқасында тиімді инвестициялардың үлкен әлеуетіне ие болды. 

Осылайша, отандық тауар өндірушілермен мемлекеттік қолдаудың арқасында 10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасалды және ол сатып алу үлесін ақшалай мәнде 2010 жылы 15%-дан 2021 жылы 41%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Фармацевтикалық кәсіпорындар негізінен Алматы, Қарағанды облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында шоғырланған, - деді министр. 

Белгілі болғандай, елдің қазіргі фармацевтикалық өндірісі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті тек қана 24%-ға қамтамасыз етеді.

Бұл ретте отандық дәрілік заттарды өндіруге арналған технологиялар мен компоненттердің, сондай-ақ фармацевтикалық препараттар мен субстанциялардың импортына тәуелді болып отыр. Бұдан басқа фармацевтика саласындағы отандық ғылым мен білімнің әлеуеті мен қаржыландыру мәселелері төмен деңгейде, - деді Ажар Ғиният. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы