Отандық боксшы өзбекстандық екі дүркін Азия чемпионын жеңді

Елордалық боксшы Римма Волосенко өзбекстандық екі дүркін Азия чемпионын жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нью-Делидегі әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға Қазақстан сапынан жерлесіміз Римма Волосенко шықты. 

Ол Өзбекстандық Ситора Турдибекодан басым түсіп, жарыстың келесі айналымына өтті. 

Бәсекеде сынға түскен қос спортшы үш раунд бойы тартысқа толы жекпе-жек өткізіп, өзара мықтыны төрешілер шешімімен анықтады.

Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз жеңіске жетті (4:1). Римманың келесі қарсыласы Армения өкілі Элида Кочарян.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы спорт басқармасы
Өзгелердің жаңалығы