Отандық білім сапасын халықаралық рейтингтен көруге болады – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, мамандардың сапалы білім алуы оқу орындарының материалдық базасына да байланысты. 

Жас маман жобасының арқасында 180 колледждің шеберханалары жаңартылды. Енді тағы да 20 «құзыреттілік орталықтары» құрылады. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 20 жоғары оқу орнының базасында Академиялық артықшылық орталықтарын дамыту бағдарламасы қарастырылған. Үш университетті зерттеу университеттеріне трансформациялау жоспарлануда, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол елімізде шетелдік университеттердің ашылуына қатысты айтты. 

Президент шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу туралы тапсырма берді. Бүгінде елімізде Де Монтфорт Лестер университетінің филиалы жұмысын бастады. Ол британдық диплом береді. Сол сияқты Қозыбаев университетінде әлемнің ең үздік университетінің бірі – Аризона университетінің бағдарламалары ашылады. Алматы мен Атырау қалаларында шетелдік жетекші техникалық университеттердің филиалдарын ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр, - деді Асхат Аймағамбетов. 

Сондай-ақ елдегі білім беру жүйесінің сапасын қалай байқауға болатынын алға тартты. 

Жалпы отандық білім беру жүйесінің сапасын халықаралық рейтингтерден көруге болады. Олардың бәсекеге қабілеттілігі өте жоғары деп айта аламын. Мысалы, колледждер бойынша WorldSkills чемпионатының қортындысын қарасақ Қазақстан 60 астам қатысушы елдері арасында 50-ші орыннан 14-орынға дейін көтерілді. Көріп отырғандарыңыздай, жақсы динамика бар. QS халықаралық рейтингісінде 2016 жылы 8 ғана университет болса, бүгінгі күні 14 жоғары оқу орны еніп отыр. 3 жоғары оқу орны беделді Times Higher Education рейтингісіне кіреді. Көршілес елдермен, көп шетелдік мемлекеттермен салыстырғанда бұл жақсы жетістік, - дейді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы