Отандық балуандар UWW рейтингінде үздік төрттікке енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен күрес әлемі (UWW) Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты қарсаңында балуандар рейтингін жаңартты, деп жазады Olympic.kz.
Грек-рим күресінен 67 келіде белдесетін Мейіржан Шермаханбет өз салмағындағы үздік төрттікке енді.
Бұл салмақта ресейлік Артем Сурков көш бастап тұр.
Еркін күрестен рейтингтегі ТОП-4 қатарында Нұрислам Санаев пен Нұрғожа Қайпанов бар. 57 келідегі Нұрислам Санаев төртінші орында тұр. Ал Нұрғожа Қайпанов өз салмағында екінші сатыда.
Әйелдер күресінен Марина Седнева (55 келі), Айна Теміртасова (65 келі) және Жәмила Бақберген (72 келі) рейтингте жоғары көрсеткішке ие. Балуан қыздардың барлығы да әлемдік рейтингтің екінші сатысына орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
37 мыңнан аса атыраулықтың қарызы кешірілді
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы