Отандық велошабандоз халықаралық турнирде үздік үштікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чехияда тректегі велоспорттан GP Prostejov - Memorial of Otmar Malecek халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық велошабандоз Рамис Дінмұхаметов аталған турнирде қола жүлдені жеңіп алды. Қазақстан құрамасының мүшесі Рамис скретч санаты бойынша бақ сынады.

Айта кетерлігі, спортшы Nursultan Cycling Team сапында өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы