Отандық вакцина қайда өндіріліп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.
Qazcovid-in вакцинасы қазіргі уақытта биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында өндірілуде. Бізге Білім және ғылым министрлігі сатып алып берген құрылғыда жасалып жатыр, - деді ол.
Күнсұлу Закарья брифинг барысында өндіріс көлеміне де тоқталды.
Өндіріс көлемі бойынша «СҚ-Фармациямен» келісімшарт жасалды, ол 50 мыңнан басталып, айына 500 мың дозаға дейін көтеріледі. Алғашқы 50 мың доза сәуір айының соңында шығарылады, - деді спикер.
Бұған дейін маман вакцинаның алғашқы партиясы дайын тұрғанын мәлімдеген болатын. Алайда оның айтуынша, вакцинаны адамдарға пайдаланбас бұрын, оны алдымен жануарлардың бірнеше түріне зерттеу жүргізу арқылы тексеруден өткізу керек.
Вакцина сәуірдің аяғында ДСМ рұқсат берген жағдайда «СҚ-Фармация» қоймаларына жеткізілмек. Сонымен қатар спикер QazVac вакцинасының коронавирустың жаңа штамдарына қаншалықты қауқарлы екеніне де тоқталған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қайрат Нұртасқа қатысты тексеріс жүріп жатыр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы