Отандық спортшылар шаңғымен тұғырдан секіру жарысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Францияның Куршевеле қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер мен әйелдер арасындағы жазғы Гран-при турнирі өтті деп хабарлады Olympic.kz. 

Аталған сынға Сергей Ткаченко мен Сабыржан Мүмінов қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Ткаченко 30-шы, Мүмінов 39-шы орын иеленді.  Бірінші орынды Тими Зайц иеленсе, екінші орынға норвегиялық Роберт Йоханссон жайғасты. Үшінші сатыда жапондық Наоки Накамура.   
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы