Отандық өндірушілерді қолдауда Алматы қаласы көш бастап тұр – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен сайлаудан кейін қайта жасақталған Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Жиында баяндама жасаған Премьер-министр Асқар Мамин «Атамекен» ұлттық палатасының жұмысы туралы айтты.

«Атамекен» ұлттық палатасы қазақстандық өндірушілерді қолдау бойынша кешенді жұмыстар жүргізеді. Өңірлер аясында жобалардың ең белсенді жүзеге асырылуы Алматы қаласы және Маңғыстау, Жамбыл облыстарында байқалады. Бұл жағынан Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары артта қалып отыр, - деді Мамин.

 Үкімет басшысы сонымен қатар, 2021 жылға қарай мұнай өндіру жоспарларын жариялады.

 2021 жылы отын-энергетикалық ресурстарды өндіру мен қайта өңдеуді ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасуда. Яғни 86 миллион тонна мұнай және 55,8 миллиард текше метр газ өндіруді жоспарлап отырмыз, - деді Премьер-министр.

Осы жылы Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы және Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырларын кеңейту басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы