Отандық көмірдің қанша пайызы экспортталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Алдағы жылыту маусымында көмір тасымалдау мәселесі» тақырыбында өткен брифинг барысында айтылды.

Күз мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті. Бұл әлеуметтік маңызы зор бұл шаруа ұлттық теміржол компаниясы басшылығының жіті бақылауында. Айта кету керек, жыл жайын ҚТЖ жүйесі бойынша орташа есеппен 100 млн тонна көмір тасымалданады. Оның 75 млн тоннасы ел ішіне, қалғаны экспортқа шығарылады. Егер көмір жөнелтушілер жүкті уақытында тиейтін болса, вагондарды үлестіру тепе-теңдігі сақталып, көлік тапшылығы болмайды. ҚТЖ бұл туралы жаз бойы айтып келе жатыр, - деді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы.
Оның мәлімдеуінше, тасымалдану мәселесі жөнінде арнайы штабтар құрылған. Қазіргі таңда тыңғылықты жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар «ҚТЖ – Жүк тасымалдау» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов тасымалдаушыларды уақытылы өз вагондарымен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Биыл 9 ай ішінде 76 млн тонна көмір тасымалданған. Бұл жоспардан 1,4 млн тоннаға артық орындалған. Өткен жылдың күзімен салыстырсақ, 3,2 млн тоннаға немесе 4 пайызға жоғары. Соның ішінде ішкі тұтынушылар үшін 53,5 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл көрсеткіш жоспардан 2 пайызға артық, - дейді Қанат Көбесов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы