Отандық ғалымдар Арал танабына ағаш өсірудің жаңа технологиясын ойлап тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық ғалымдар құрғап қалған Арал теңізінің орнына фитомелиоративті технологиясы арқылы ағаш отырғызуды ойлап шығарды.
Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы қазақ арготехникалық университеті басқарма төрағасының халықаралық қатынастар және стратегиялық жоспарлау бойынша орынбасары Ерлан Нысанбаев айтты.
Бүгінде еліміздің орман шаруашылығы саласында бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр. Соның бірі Арал теңізінің құрғаған түбінде фитомелиоративті технологиясы арқылы ағаш отырғызу мүмкіндігі пайда болды. Жаңа технологияның көмегімен ағаш отырғызып, өсімдік түрлерін егу теңізден бөлінетін шаң мен тұздың азаюына және жергілікті халық зардап шегіп жатқан сырқат түрлерінің төмендеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ жаңа жайылымды жерлердің пайда болуына мүмкіндік жасайды. Тиісінше Арал аймағындағы экологиялық жағдайда жақсара түседі. Тәуелсіздік жылдары кеуіп қалған Арал теңізінде 100 мың гектардан астам жерге сексеуіл отырғызылды, – деді Е.Нысанбаев елордада өткен «Тәуелсіздік және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы» атты конференция барысында.Сондай-ақ спикер елорда маңындағы жасыл белдеу бойынша да біршама жұмыстың атқарылғанын алға тартты.
Сонымен қатар Е.Нысанбаев отандық ғалымдардың сирек кездесетін және жойылу қаупі бар ағаш тұқымдары үшін «ин витро» өсіру әдісін ойлап тапқанын айтты. Оның сөзінше, аталған әдіс биоәртүрлілікті қамтамасыз ету үшін маңызды.
Елорда іргесіндегі жасыл белдеу топырақ құрамын жақсарту, оның тұздануын азайту және құнарлылығын арттыру бойынша эксперименттер жүргізілді. Және ондағы өсімдіктер мен ағаштардың өсуіне кедергі келтіретін арамшөптермен күресу мақсатында гербицидтерді қолдану әдістері зерттелді. Сол сияқты жасыл белдеу аумағында орман-саябақ ландшафтарын жасау бойынша ұсыныстар әзірленді. Ғалымдар жұмысының арқасында 100 мың гектарға жуық жерге 28 түрлі ағаш түрі отырғызылды. Қазіргі уақытта жасыл белдеу аумағында елорда тұрғындары мен қала қонақтары үшін демалуға жағдай жасалған, – дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы