Отандық футболшыға ота жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 тамыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Сол жиынға шақырту алған Серікжан Мужиков аяғындағы жарақатына байланысты келмейді екен, деп хабарлады Aladop.kz сайты
«Жилинаға» қарсы матчта алаңға алмасып шыққан Серікжан тура сол 25 тамыз күні аяғына ота жасатпақшы. Енді оның орнына бас бапкер Талғат Байсуфинов басқа бір ойыншыны шақыруы тиіс.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларымен күш сынасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттіктердің үйлерін шаян баса бастады
Өзгелердің жаңалығы