Отандық заңнаманы жетілдіруді жалғастырамыз – Мәжіліс төрағасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылдағы алғашқы пленарлық отырысы өтті. Іс-шара аясында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар алдында осы жылға арналған жұмыстардың негізгі бағыттарын атап өтті. 

Депутаттар сессия соңына дейін көптеген маңызды заңдарды қабылдайды. Олар ел басшылығы тапсырған әлеуметтік бағдарламаларды орындауға бағытталған. Заң жобалары бойынша жұмыс барысында азаматтық қоғам өкілдерімен міндетті түрде диалог жүргізіледі, - деді Нұрлан Нығматулин. 
Маңызды заң жобалардың қатарында Экологиялық кодекстің жаңа редакциясы, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасы, Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер мен толықтырулар бар. Осыған қоса депутаттар жаңа құжат – Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексін қарастыруы тиіс. 
Айта кетейік, қазір Мәжілісте 61 заң жобасы бар. 
Орталық атқарушы органдар қызметінің түрлі аспектілеріне парламенттік бақылауды қамтамасыз етуде "Үкімет сағаты" маңызды рөл атқаратынын атап өту қажет, - деді Мәжіліс спикері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы