Отандық компаниялар Шанхай импорттық көрмесіне қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 5-10 қарашасы аралығында Қытайда өтетін Шанхай импорттық көрмесіне қазақстандық экспорттаушы компаниялар да қатысады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Наурыз айында төтенше жағдай басталған уақытта, экспорттаушылар үшін арнайы телеграм-арна @exportgov құрғандығын айтқан болатынмын. Телеграм-арнада біз шикізаттық емес тауарларды экспорттауға қатысты барлық өтініштерді қабылдаймыз, бизнес тарапынан туындаған сұрақтарға жауап береміз, шешімін табуға тырысамыз: кейбір мәселелердің шешу жолы жүйелі тәсілді талап етсе, кейбір мәселелер "қолмен" шешіледі. Халықаралық көрмелерге байланысты кәсіпкерлерден келген өтініштер де бар. Иә, қазақстандық экспорттаушы кәсіпорындар үшін маңызды халықаралық форумдар, бизнес-миссиялар мен көрмелер көп. Бірақ China International Import Expo (оны жиі Шанхай импорттық көрме деп атайды) үшінші Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ұйымдастырушылары іс-шараның мерзімінде өткізілетінін растады. Яғни, 2020 жылғы 5-10 қараша аралығында. ​Біз экспорттаушыларымыздан "ең болмағанда Шанхайдағы көрмеден бас тартпайық" деген өтінішті ала бастадық. 2019 жылы Шанхай импорт көрмесіне 30 отандық тамақ өнеркәсібі және ауылшаруашылық компаниялары қатысып, өз өнімдерін Қытайдың ірі импорттаушыларына ұсынды. Нәтижесінде 150 миллион долларға экспорттық келісімшарттар жасалды, – деп жазды Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, көрменің бір ерекшелігі – біз өз өнімдерімізді Қытайдан келген кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен бірге көрмеге қатысқан 100 елдің өкілдеріне ұсына аламыз.

Шанхай көрмесі алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар мен Қытайға әкелінетін өнімдерге жоғары технологиялық өндірістік жабдықтар мен стратегиялық маңызы бар жаңа индустриялық секторларға бағытталған, соған орай біздің компаниялар өздерінің жетістіктері мен мүмкіндіктерін ұсынуға дайын болғандықтан, біз өз компанияларымызды CIIE-2020 қатысуға ұйымдастыруды ұйғардық. Сауда және интеграция министірлігі қазірдің өзінде 40 қазақстандық экспорттаушы компания үшін 260 шаршы метр жерді брондап қойды. Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баса назар аудара отырып, бизнес-стендтерді ұйымдастырамыз, – деп жазды министр.

​Сондай-ақ, импорттық тауарлардың үшінші кәсіби халықаралық көрмесіне қатысу тегін, барлық шығындар-мемлекет есебінен төленетінін айтты.

Жаңалықтарды министрліктің сайтында, export.gov.kz порталында және біздің телеграм-арнамыз @exportgov-та оқуға болады! Біздің еліміздің көрмеге қатысуы бойынша заңдық рәсімдер аяқталысымен, біз компанияларды жинай бастаймыз. Тағы бір айта кететін жайт, қазақстандық өндірушілер үшін қатысу – тегін, барлық шығындар мемлекет есебінен (жалға алу, ұшып келу, тұру, аудармашы, трансфер) төленеді, – деді министр Сұлтанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы