Отандық фармацевтиканы дамыту жоспарда бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігі отандық фармацевтиканы халықаралық стандарттарға сай дамыту жөнінде Индустрия және иннфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсыныс енгізбек.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.Оның айтуынша халыққа ең қажет дәрі дәрмек елде өндірілуі тиіс. Ол үшін қажетті дәрі-дәрмек тізімі жасалып жатыр.
Сондай-ақ, Марат Шоранов елімізде 12 инфекциалық аурухана құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Екі ауруханаға жаңғырту жұмыстары жасалды. Қазан айында олар қолданысқа берілуі тиіс. Инфекциялық аурулар үшін қосымша 2900 төсек дайындалды. Мұның барлығы коронавирустың болады деп күтілген екінші толқынына дайындық барысында жасалды. Қажетті қаражат «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінетін болады, -деді ол.
Бұған дейін вице-министр дәрігерлердің жалақысын көтеру үшін қанша қаржы қажет қажет екенін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрігерлердің жалақысын көтеру үшін қанша қаржы қажет?
Өзгелердің жаңалығы