Ғалымдар Эквадордан белгісіз өркениеттің жәдігерлерін тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей, Эквадор мен Жапония елдері ғалымдарының халықаралық тобы біздің заманымызға дейін 4640-4460 пайда болған және белгісіз өркениетте жасалған қыш түтікшелерді тауып алды. Бұл туралы Phys.org хабарлады.

Қазба жұмыстары Эквадордағы Real Alto археологиялық алаңда жүргізілді. Қыштың пайда болу уақыты көне америкалық мәдениет — Вальдивийдің болған кезімен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінде бұл мәдениеттің құпиясы әлі ашылмаған. Ал табылған қыш түтікше вальдивиалық баламалардан ерекше, декоративті композициясы мен сурет салу техникасы мүлдем бөлек.

Бұл түтікше сынықтары Real Alto алаңында табылған өзге заттармен ұқсас болып келеді. Дәлірек айтсақ, 70-80 жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары аясында табылған, алайда ешқандай өркениетке жатқызылмаған заттарға ұқсас.

Ғалымдардың айтуынша, Эквадордан бұдан да көне мәдениетті табуға болады. Содан кейін Real Alto алаңында табылған түтікшелер Оңтүстік Америкада жасалғанын немесе жер шарының басқа бір бөлігінен әкелінгенін анықтауға мүмкіндік туады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы