Отандық ғалымдар Алтайға экспедиция жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары халықаралық фольклорлық экспедициядан оралды. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Алтай республикасының Усть-Коксин ауданындағы экспедицияға АҚШ студенттері қатысты. Олардың қатарында Лилиан Познер (Джорджтаун университеті, Вашингтон, Колумбия округі) және Марк Гилман (Гаучер-колледж, Балтимор, Мэриленд штаты). Сонымен қатар, Қазақстаннан Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары Алевтина Цветкова және Анар Уызбаева қатысты.


Экспедиция жетекшісі, ф.ғ.к., филология кафедрасының профессоры Алевтина Цаеткованың айтуынша, зерттеу жұмыстары барысында дәстүрлі әндер, салт-дәстүрлер туралы ақпараттар, ауыз әдебиетінің үлгілері жинақталды.


«Түрлі халықтардың салт-дәстүрлері ұқсас келеді. Сондықтан, біз бәріміз әлемнің адамдары екенімізді түсінуге болады. Халықтардың көптеген дәстүрлері бүгінгі заманға оңай бейімделеді», - дейді А. Цветкова.


 Айта кетейік, бұл - екінші бірлескен экспедиция.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы