Отандасымыз оқ атудан Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі
Қазақстандық Никита Чирюкин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында оқ ату жарысынан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметі мәлім еткендей, біздің спортшы 26 ұпай жинап, жоғары жылдамдықты тапаншадан атуда үшінші болды. Қазақстандық спортшы жеңіс тұғырын ҚХР мергендерімен бөлісті.
Никита - көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Бүгін де ол биіктен көрінді. Бәсекелестік қиын болғанына қарамастан ол өзінің шеберлігін көрсетті. Никитаны, оның командаластары мен жаттықтырушыларын осы жүлдемен құттықтаймын, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістанның Нагпур қаласы су астында қалды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы