Отандасымыз ауыр атлетикадан әлем кубогінде 1-орын еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рахат Бекболат Перудің Лима қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем кубогінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Кезекті жарыс күнінде ол 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Нәтижесінде қоссайыс бойынша (140+179) келіні бағындырды.  


Айта кетсек, аталған жарысты Перудің ауыр атлетика федерациясы ұйымдастырып жатыр. Қазақстандық спортшылар қоржынынында бір алтын, бір қола жүлде бар. Абылай Әуелханов алғашқы алтынды алған болса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізді.


Сонымен қатар Азамат Төлеген мен Мейрамбек Әбдіхалық 4-орынды еншіледі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы