Балаева: Отан қорғау – әрбір азаматтың қастерлі міндеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Баршаңызды 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Отан қорғаушы Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Айбыны асқақ, тұғыры нық Қазақстан Қарулы Күштері – Отанымыздың мызғымас тыныштығының, ұлан-ғайыр жеріміздің бүтіндігі мен біртұтастығының кепілі. «Отан – отбасыдан басталады» деген. Ер-Азамат – отбасының тірегі, қоғамның ұйытқысы, мемлекеттің тұтқасы. Қай кезде де ер-азаматтарға сенім артамыз, - деді министр.

Министр ұлдарымызды «сен жігітсің, Отан қорғаушысың, ел мен жердің иесісің» деп тәрбиелейтінімізді айтты.

Себебі Отан қорғау сезімі еліміздің әрбір азаматының бойынан табылуы тиіс қасиетті де құрметті міндет. Сондықтан жауынгер рухты ата-бабаларымыздың ерлік жолының жалғасы – бүгінгі ер-азаматтарымыздың рухы қашанда биік бола берсін. Әрине, Отан қорғау деген – тек қолға қару алып соғысу емес. Шүкір, бүгінде тыныш заманда бейбіт өмір кешіп жатырмыз. Десе де, бейбіт заманның да өз сынақтары мен міндеттері бар. Сондықтан осы ортақ мақсат жолында қиындықтарды бірге еңсеріп, жетістікке бірге жетуді тілеймін. Еліміз аман, жеріміз тыныш болып, береке-бірлігіміз арта берсін. Мереке құтты болсын, - деді Аида Балаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы