Осындай мәселемен бетпе-бет келдік: Шөкеев Маминнен көмек сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрады.
Түркістан облысында 300 мың тонна қырыққабат өндірілді. Алайда қазір Ресейден сұраныс бірден төмендеп кетті. Әлемдегі жағдай, шекаралардың жабықтығы әсер етіп жатыр. Біз облыстардың бәрімен меморандумға қол қойғанымызбен олар да алмай жатыр. Сондықтан облыста осындай өзекті мәселемен бетпе-бет келдік,- дейді Өмірзақ Шөкеев.
Ол қырыққабаттың бір келісі 10-15 теңгеге дейін түсіп кеткенін айтты.
Фермерлер үлкен шу көтеріп жатыр. Сондықтан министрліктермен бірге мүмкіндіктерді қарастырған жөн секілді. Бәлкім облыстармен, Ресейдегі логистикалық компаниялармен бірге осы жұмысқа кіріскен абзал. Бізде қазір 250 мың тонна қырыққабат дайын тұр. Оны сатпасақ үлкен проблемаға айналатын секілді, - деді әкім.
Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа Түркістанның шаруаларына көмек көрсету керектігін тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин әкімдерге жаңа тапсырма берді
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы