Осыдан кейін тек қазақша сөйлеймін. «Оян қазақ» фильмі жастарға қалай әсер етіп жатыр?

Қазіргі таңда кинотеатрларда «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі көрсетіліп жатыр. Көпшілік көңілінен шығып, ерекше әсер берген туындыны көргісі келетіндердің қатары көп, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, өткен аптада «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокаттан алынып тасталып, әлеуметтік желіде біраз талқыға салынды. Кейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсебайқызы туындының кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартқанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде, әсіресе TikTok желісінде «Оян, қазақ!» фильміне дейін» атты тренд таралып жатыр. Онда бір топ жастар кинотеатрға барып, көргенге дейінгі және одан кейінгі реакциясын көрсетеді. «Оян қазақ» жасөспірімдердің өз тарихын қайта тануға, рухани баюына себеп, оны тренд бейнедегі пікірлерден біле аламыз. Көрермендер «жүректі елжіретті», «соңында жылап кетесің», «әке деген жері...», «осы кинодан кейін қазақша сөйлеуіміз керегін түсіндім, «қыздар, тушь жақпай барыңдар», сондай-ақ «еңіреп шықтым, фильм ауыр тиді» деген пікірлер жазған.

Мектеп кезінде кітаптардан оқығанда жеңіл  қараған едік. Шындығында қандай қиын болғанын жүрекке жеткізе алды. Жыламай көру мүмкін емес, іштен ашу, ыза барлық сезімді тудыра алды, - деген көрермен. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы