"Осы қалпыңнан тайма". Қайрат Нұртастың анасы келініне батасын берді

Продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келініне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіндеріме әзілдеп, егер де мені шын сағынсаңдар, арнайы дәм дайындадыңдар – дастарханға қарап сағынғандарыңды білемін дейтін едім. Әзірге ыстық нан, бауырсақ, шайға қолдың сүтінен бастап, салаттарға дейін өздері пісіріп жүр. Лайым осы қалпынан таймасын деп тілейік, - дейді Айдарбекова.

Продюсер өзін жылы шыраймен күтіп алған кіші келініне алғыс айтып, батасын берді.

Күлімдеп келінің жылы қабақпен күтіп жатса, үйдің шамшырағы емей немене?! Келінжан, ата-енеге деген құрметің өзіңе еселеп қайтуын нәсіп етсін, Индира, – деп жазды ол Instagram stories-те.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova
Өзгелердің жаңалығы