Осы күзде Қарағандыда 1650 ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда биылғы күзде саябақтар мен гүлзарларды көгалдандыру жалғастырылады. Қалада 1650 көшет отырғызу жоспарлануда. Мамандар қайың, шие, жөке және қарағай секілді жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар егеді.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, көшеттерді отырғызу бойынша алғашқы сенбілік 21 қыркүйекке жоспарланған. Көгалдандыру жұмыстары бір ай бойы қаланың әртүрлі аудандарында өткізілетін болады."Біз екі саябақты – орталық және ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы саябақты көгалдандыруды жалғастырамыз. Сонымен қатар, Нүркен Әбдіров даңғылындағы гүлзардың бос жерлеріне отырғызамыз. Қаныш Сәтпаев көшесіндегі саябаққа да ағаш егеміз", - деді Қарағанды мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарларды басқару бөлімінің бастығы Жанат Нұржанов.
Оның айтуынша, 21-ші шағын ауданның, «Көгілдір тоғандар» және Жаңа Майқұдық МҮ алдында 650 жас ағаш пайда болады.
Жасыл желектерді басқарма қызметкерлері күтіп баптайтын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шамалғанда болған жол апатының куәгерлері іздестірілуде
Келесі жаңалық
Түркістан облысында орман ағаштарына санақ жүргізілуде
Өзгелердің жаңалығы