«Өсу орталығы». Министр Ақтөбе облысының дамуына республикалық бюжеттен 343,3 млрд бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. 

Ақтөбе облысының кешенді жоспары 92 іс-шарадан тұрады. Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджет – 343,3 млрд теңге, жергілікті бюджет - 165,6 млрд теңге, жеке инвестициялар - 1,2 трлн теңге. Кешенді жоспар шеңберінде Жаңартылатын энергия көздерін дамыту, цемент өндіру зауытын, титан-цирконий кендерін қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту кешенін салу және тағы басқа ірі жобаларды іске асыру көзделуде, - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Сонымен қатар министрлдің атап өтуінше, шетелдік инвесторларды тарта отырып, ерекше индустриялық аймақ құрылатын болады.

Көптеген кәсіпорын экспортқа бағдарланған болады деп күтілуде. «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының үшінші желісін салу және 85 ауылды газдандыру, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық желілер салу жоспарлануда. Бұдан басқа, 1300 шақырымнан астам автомобиль жолы жаңартылады. Бұл өз кезегінде Ақтөбе қаласының «Өсу орталығы» және еліміздің батыс бөлігіндегі ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал ететін болады, - деді Ұлттық экономика министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы