Қостанайда «Жасыл кеңсе» байқауына қатысуға арналған тренинг өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда «Жасыл кеңсе» республикалық конкурсына қатысу және «Жасыл кеңсе» қағидаларын енгізу бойынша тренинг өтті.
Тренингте 2019 жылы өткен бірінші байқаудың қорытындылары, сондай-ақ «Жасыл кеңсені» іске асыру принциптері және екінші республикалық байқауға қатысу шарттары ұсынылды.
«Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисінің қолдауымен 10 маусым мен 20 қыркүйек аралығында 10 номинация бойынша республикалық конкурс өткізуде. Оған мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, сауда құрылымдарының, өнеркәсіптің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқалардың өкілдері он номинация бойынша қатыса алады.
«Жасыл кеңсе» - барлық ресурстар үнемделген және қоршаған ортаны қорғауға арналған кеңсе.
Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.
Байқаудың нәтижелері 2020 жылдың қазан айында жарияланып, қатысушылар сертификаттарымен, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.