Қостанайда Ресейден келген студент қыздан індет анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласында коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы тіркелді, деп хабарлады жергілікті жедел штабы.
Қазақстанның 17 азаматы "Қайрақ" автоөткелінде шекарадан өтті. Аталған тұлғалар коронавирустық инфекцияға анализдерді алғанға дейін Тобыл қаласындағы карантин стационарына жатқызылды.COVID-19 Ресей Федерациясынан келген 2001 жылғы студент қызда нақтыланды. Емделуші қыз Қостанай облыстық ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылды. Автобуста бірге келген адамдар медициналық бақылауға алынды. Тауысқандарымен және жақындарымен бойжеткен қатынаспаған. Қазіргі таңда науқас хаттамамен бекітілген тиісті емдеуді алып жатыр.Бүгінгі күнде Қостанай облысында COVID-19 ауруының 54 жағдайы тіркелді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ХҚКО-ларды бір мезгілде ашпаған дұрыс – сарапшы
Өзгелердің жаңалығы