Қостанайда пара алған депо басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаменті «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалының Қостанай жүк тасымал бөлімінің облыстық эксплуатациялық локоматив депосының басшысының пару алу фактісін анықтады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінң баспасөз қызметі хабарлады.
Ол электровоздың жүргізушісі арқылы жеке тұлғадан аталмыш депоға жұмысқа тұрғызу үшін 300 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.Арадағы делдал кінәсін толық мойындауына байланысты тұтқындалмады. Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада Елбасыға арналған кітаптың тұсаукесері өтті
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы