Қостанайда көлік қаққан жаяу жүргінші қаза тапты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, жедел жәрдем қызметін шақырмаған. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы alau.kz порталы хабарлайды.

Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, 15-қаңтарда қаладағы Қобыланды Батыр көшесінде «ВАЗ-21099» көлігін тізгіндеген 34-жастағы жүргізуші 38-жастағы жаяу жүргіншіні қаққан. 

Алайда жүргізуші оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен полицияны шақырмаған. Ол өзінің танысына хабарласып, машинасын басқа жаққа сүйреп апарып тастауды өтінген. Кейін 34-жастағы жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан. Ал жол-көлік апатынан зардап шеккен азамат дене жарақатынан сол жерде көз жұмған.

Іздестіру барысында күдікті қолға түскен. Қазіргі таңда аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Жол ережесін бұзу салдарынан адам өліміне себепкер болу» және «Зардап шегушіні қауіпті жағдайда қалдыру», «Жол-көлік оқиғасын орнынан кетіп қалу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы