Қостанайда бетон зауыты салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құрылыс алаңдарына барды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Өңір басшысы "Kostanay Plaza" сауда ойын-сауық орталығының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс алаңының көлемі – 68 мың шаршы метр. Қазір мұнда нысанның ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Орталықта бассейн, монша және сауна ашылады. Жобаны тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Бұл жобаның Қазақстанда баламасы жоқ екенін атап өткім келеді. Одан әрі «Қонай» шағын ауданының құрылыс барысын тексердім. Осы шағын ауданда жалпы ауданы 145,7 мың шаршы метр болатын 30 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысына учаскелер бөлінген. Қазіргі уақытта 19 несие үйінің құрылысы жүргізілуде. Коммуналдық желілер тартылады,- деді Архимед Мұхамбетов.  

Облыс әкімі құрылысшылармен кездесіп, бетон тасымалдау мәселелерін шешу барысын талқылады. Осы мақсатта Қостанай қаласында бетон зауытын орнатуға жер учаскесі бөлінеді. Зауыт құрылысы алдағы жылы басталады.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовке жоспарланған жобалардың іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы